Мереке

Ардақты ардагерлер! Қадірлі аға буын өкілдері!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Халқымызда «Қариясы бар ел — қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпақтарымыз. Әр кез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз.

Ғұмыры ғибратқа толы ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы – өнеге мен тағылым мектебі.

Ардагерлерге жасалып жатқан жеңiлдiктер, зейнетақының өсуі, көпбалалы аналарды марапаттаумен қатар, басқа да игі шаралар қарт адамдарды қолдау деңгейiнiң жоғары екенiн көрсетедi. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар облыс көлемінде кеңінен атқарылуда.

Бүгінде облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан зейнет жасындағы ардагерлер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамның ілгері дамуына зор үлес қосуда. Ардагер аға-апаларымызға үлгі болар өнегелі істері үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!

Құрметпен,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік ШАҢҒҰТОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button